Ресми

«Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 Ақтөбе қаласы                             №586                      2020 жылғы 11  желтоқсан

«Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Облыстың экономикалық, денсаулық cақтау, әлеуметтік салаларының дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағы келесі тұлғаларға берілсін:

АСЫЛХАНОВ Жайлаубай  — мәдениет саласының қайраткері, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының артисі.

ӘЙТІМОВ Марат— мәдениет саласының қайраткері, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының солисі.

ӘЛІШЕВ Қуандық Зинешұлы — еңбек ардагері, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ АОФ мүшесі.

ДОСҚАЛИЕВ Жақсылық Ақмырзаұлы —  «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымының докторы, профессор.

КЕНЖЕБАЕВ Кенжеғали — Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі, Қазақстанның ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.

Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы А.АЙТЖАНОВ.

 Облыстық мәслихаттың хатшысы С.ҚАЛДЫҒҰЛОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button